Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Приозерск туризмге басымдық бермек

Приозерск туризмге басымдық бермек

Қаланың Бас жоспары өзгерді, енді онда 7 км жағажай мен веложолдар пайда болады

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Приозерскте туризмге басымлық беріледі, қаладаның Бас жоспарында туристерге қолайлы орта қалыптастыратын жаңа нысандар белгіленді, деп хабарлайды QazMonitor.

Жаңа Бас жоспар 2038 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және заманауи туристік-рекреациялық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Негізгі басымдық жағалау аумағына берілген. Ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайтын демалыс аймағы кешенді түрде абаттандырылмақ. Жоба аясында жағажайлар, көлеңкелі шатырлар, жарықтандыру және көгалдандыру жүйелері, балалар алаңдары және өзге де абаттандыру элементтері қарастырылған.

«Біз туризмді қаланы дамытудың стратегиялық бағыты ретінде қарастырамыз және Приозерскіні заманауи туристік орталыққа айналдыру жолында нақты қадамдар жасап отырмыз. Бас жоспарға енгізілген түзетулер саланың ұзақмерзімді даму әлеуетін ескере отырып әзірленді және қалалық ортаны кешенді әрі орнықты дамытуға бағытталған», деді қала әкімі Мансур Ахметов.

Қаланың батыс және шығыс бөліктерінде әрқайсысының аумағы шамамен 20 гектарды құрайтын демалыс аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жастар саябағы салынады, онда спортпен айналысуға, би билеуге және концерттер өткізуге арналған алаңдар қарастырылған.

Бұдан бөлек қаланы электрмен жабдықтау, су құбыры және кәріз жүйелерін жаңғырту, екі қазандық салу және жаңа магистральдық жылу желілерін тарту қарастырылған. Инженерлік коммуникациялар қуат резервімен жобаланады, ал жаңбыр және еріген қар суларын бұру үшін жергілікті ағын суларды әкету жүйесі бар кәріз жүйесін салу жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.