Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Астана медициналық туризм орталығына айналуды көздейді

Астана медициналық туризм орталығына айналуды көздейді

Astana Tourism қолдауымен өткен іс-шарада елорданың медициналық инфрақұрылымы мен халықаралық әлеуеті таныстырылды

QazMonitor Logo
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

Елордада Astana Tourism қолдауымен туристік және медициналық бизнес өкілдеріне арналған ақпараттық тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

Негізгі алаң ретінде Prime Green Clinic таңдалды. Мұнда қатысушыларға клиниканың заманауи медициналық базасы, негізгі бағыттары мен қызмет көрсету тәсілдері таныстырылды.

Бағдарлама аясында қонақтар диагностикалық және емдік мүмкіндіктермен танысты. Клиникада амбулаторлық көмек, диагностика, мамандандырылған емдеу және алдын алу бағдарламалары ұсынылады. Сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарын енгізу және сервисті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында пациенттермен жұмыс істеу тәсілдері, емдеуді үйлестіру және толық медициналық қызмет көрсету жүйесі таныстырылды. Бұл медициналық туризмді дамытудағы маңызды бағыттардың бірі ретінде атап өтілді.

Инфотур кезінде елордалық медициналық ұйымдардың халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып жатқаны айтылды. Атап айтқанда, клиникалар әлемдегі ірі туристік көрмелердің бірі – ITB Berlin аясында таныстырылған.

Жиын қорытындысында клиника мен 7 туроператор арасында келісімдер жасалды. Ынтымақтастық медициналық қызметтерді ілгерілету, кешенді турөнімдер әзірлеу және пациенттерді сүйемелдеу бағыттарын қамтиды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар медициналық туризмнің тұрақты экожүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Бүгінде Астана Орталық Азиядағы денсаулық туризмі орталығы ретінде позициясын нығайтып, шетелдік пациенттер үшін тартымды бағытқа айналып келеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.