Шығыс Қазақстан облысының орталығында жеке инвестициялар есебінен «Monotel» жаңа қонақүйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды QazMonitor.
Жобаны жеке инвестор Мейрамбек Садықов жүзеге асырған. Инвестиция көлемі 2,2 млрд теңгені құрады.
Жоба аясында 50 тұрақты жұмыс орны ашылған.
Қонақүйде жалпы сыйымдылығы 92 адамға арналған 46 нөмір бар. Оның ішінде 32 стандартты, сегіз жартылай люкс, екі люкс және төрт президенттік нөмір қарастырылған. Сонымен қатар 200 орындық мейрамхана жұмыс істейді.
Жаңа қонақүйдің іске қосылуы өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту мен қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды қадамдардың бірі саналады.