Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. «Қазақстандық Лапландия» жұмысын бастады: Бурабайда қысқы демалыс маусымы ашылды

«Қазақстандық Лапландия» жұмысын бастады: Бурабайда қысқы демалыс маусымы ашылды

Жаңа маусым Magic Burabay тұжырымдамасы аясында өтеді

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Бурабайда жаңа қысқы маусымның ашылуы өтті. Жаңа маусым Magic Burabay тұжырымдамасы аясында өтеді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігі хабарлады.

Жобаның негізгі мақсаты келушілер үшін мерекелік атмосфера мен белсенді демалыс мүмкіндіктерін үйлестіру, деді әкімдікте. Биылғы маусымға дайындық барысында инфрақұрылымдық және логистикалық жаңартулар жүзеге асырылды. Туристерге сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірқатар жаңа жобалар іске қосылды.

Атап айтқанда Астана қаласындағы «Хан Шатыр» СОО мен халықаралық әуежайда арнайы ақпараттық аралшықтар орнатылды. Ал Щучинск қаласының теміржол вокзалында заманауи визит-орталық жұмысын бастады.

Аталған нүктелерде туристер курорттың демалыс бағдарламалары, алдағы іс-шаралар мен маршруттар туралы толық мәлімет ала алады. Бұл формат, әсіресе, шетелдік туристердің сапарын тиімді жоспарлауға бағытталған.

Бұған қоса, әкімдік негізгі демалыс локацияларын белгіледі. Олардың ішінде «Қазақстандық Лапландия» және Бурабай кентінің орталық алаңы: Мұнда мұз айдындары, сырғанақтар мен фотозоналар жабдықталған. Санта-Клаус резиденциясы, бұғылар мен хаски иттерімен өтетін экскурсиялар қарастырылған.

Сонымен қатар маусым барысында шаңғы жарыстары, Burabay Ice марафоны және қысқы балық аулау фестивалі сияқты бірқатар айтулы спорттық жарыстарды өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мереке кезеңінде «Астана – Көкшетау» бағыты бойынша арнайы безендірілген жаңа жылдық пойыз вагоны қатынай бастады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.