Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Қазақстан туризмі инвестиция тартып жатыр: Бір жылда 1 трлн теңгеге жуық қаржы салынды

Қазақстан туризмі инвестиция тартып жатыр: Бір жылда 1 трлн теңгеге жуық қаржы салынды

2025 жылы туристік ағын өсіп, курорттық аймақтарды дамытуға жаңа жоспарлар бекітілді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

2025 жылы елге келген шетелдік туристер саны 12 млн-нан асты, ал салаға тартылған инвестиция 923 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Министрдік сөзінше, Қазақстанда туризм саласы экономиканың инвестициялық тұрғыдан ең серпінді бағыттарының біріне айналып келеді. Биылғы жылдың көрсеткіші туристік ағынның өсуімен қатар, жеке капиталдың бұл секторға қызығушылығы айтарлықтай артқанын көрсетті.

Атап айтқанда, Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанға туристік мақсатта 12,1 млн шетел азаматы келген. Оның ішінде 8,6 млн адам ел аумағында бір тәуліктен артық уақыт өткізген толыққанды шетелдік туристер санатына кірген. Бұған қоса, орналастыру нысандарының қызметін 1 млн шетелдік және 6,7 млн ішкі турист пайдаланған. Бұл ішкі және келу туризмінің қатар дамып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.

Қазіргі таңда республика бойынша 4 499 орналастыру нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың жиынтық сыйымдылығы 243,5 мыңнан астам жатын орынды құрайды. Қонақ үйлер мен өзге де орналастыру орындарының жалпы табысы 268 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өңірлердегі іскерлік белсенділіктің және туристік сұраныстың артқанын аңғартады.

«2025 жылдың қаңтар-қазан айларында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсіп, 923 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар елдің 20 өңірінде 147 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл салаға жеке және институционалдық капиталдың жоғары қызығушылығын дәлелдейді», делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі курорттық аймақтарды жүйелі дамытуға басымдық беріп отыр. Мәселен, биыл елдегі сегіз негізгі курорттық аумақта түгендеу жүргізіліп, оның нәтижесінде 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді.

Министрдің айтуынша, «2025-2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамыту жоспары мен Щучье-Бурабай курорттық аймағын кешенді дамыту бағдарламасы бекітілген. Бұл құжаттар курорттық инфрақұрылымды жаңғыртуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға, логистика мен сервисті жақсартуды көзейді.

Бұған дейін Бенилюкс елдері Маңғыстауға назар салып, өңірді жаңа туристік бағыт ретінде қарастырып отырғаны хабарланды. Атап айтқанда, Нидерланд пен Бельгияның танымал басылымдары Қазақстанды шетелдік аудиторияға тартымды туристік бағыт ретінде таныстырды. Онда Маңғыстау облысының табиғи әлеуеті ландшафттары суреттелді.

Сонымен қатар Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосқан болатын. Халықаралық басылым Алматының туристік тартымдылығы мен жыл бойғы сұранысын жоғары бағалады. Ал Францияның M6 телеарнасындағы әйгілі Pekin Express тревел-жобасының жаңа маусымы толықтай Қазақстанға арналды. Бағдарламаның орташа тәулігіне 3,5 миллион адам көреді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.